Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Бесаспап мемлекеттік қызметші атты мерекелік байқау

21 июня 2019

       2019 жылдың 20 маусымы күні "Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" қоғамдық бірлестігі Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен  23-маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне орай, бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелері арасында "Бесаспап мемлекеттік қызметші" атты мерекелік байқау өткізілді.

       Байқау 3 номинация бойынша: 1)"Өнерлі өрге жүзеді" номинациясы ән айтудан, 2)"Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы" номинациясы бойынша көркемсөз оқу, 3)"Би-өнер өрнегі" номинациясы бойынша би билеу сайыстарынан қатысушылар өз өнерін ортаға салды. Байқау жүлдегерлері арасында:

      «Өнерлі өрге жүзеді» номинациясы бойынша ән сайысынан «Сарайшық әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінен "Трио" - I орын;
Доссор кенті әкімдігі мемлекеттік қызметкерлерінің бір топ әншілері - II орын;
«Атырау облыстық мүгедектерді оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесінен Алмағамбетова Алтынзер - III орын.

      «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша, көркемсөз оқу сайысынан
Исатай аудандық маслихаты аппаратының бас маманы Жеткінов Дидар -I орын;
Мақат кенті әкімінің орынбасары Хамидуллина Салтанат - II орын;
«№4 Қоғамдық қызметтер көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінің маманы Досқалиева Нұрайым - III орын.

      «Би - өнер өрнегі» номинациясы бойынша би билеу сайысынан
«Атырау облысытық мүгедектерді оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесінен Жанбатырова Аңсаған -I орын;
«Сарайшық әлеуметтік орталығы» мемлекеттік мекемесінен «Сарайшық қыздары" би тобы -II орын;

 «№4 Қоғамдық қызметтер көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесінің маманы Досқалиева Нұрайым - III орын жүлделеді.

        Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және қаржылай сертификаттармен марапатталды.

 


13 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК