Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Мүшелік ұйымдарда есеп беру-сайлау науқаны жалғасуда

13 июня 2019

 12 маусым күні «Қазақстандық мұнайгаз салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің өкілдігі – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ кәсіподақ комитетінің есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Кәсіподақ комитетінің, тексеру комиссиясының бес жылдық есепті кезеңде атқарған жұмыстарының есебі тыңдалып, конференция делегаттары комитет  жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді.

Кәсіподақ комитеті атқару комитетінің жаңа құрамы, жаңа комитет төрағасы сайланды. «Жайықмұнайгаз» МГӨБ кәсіподақ комитетінің төрағалығына көпшілік дауыспен ұңғымаларды жер асты жөндеу цехының шебері – Айдарбеков Кенжебай Имашұлы сайланды. Көп жылдар бойы ұйым жұмысын абыроймен басқарып келген кәсіподақ комитетінің бұрынғы төрағасы – Қабделов Самат Қабделұлы құрметті зейнеткерлік демалысқа шықты.

 


11 просмотр
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК