Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

«Сау дәрігер-сау пациент!»

21 июня 2019

Биылғы жылы  «SENIM» Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» Атырау облыстық филиалы  және ЖШС «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ұйымдастыруымен, Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «16-маусым медицина қызметкерлері кәсіби мерекесіне  арналған  дәстүрлі спартакиада»  арналған «Сау дәрігер-сау пациент!» тақырыбымен өтті.

       Спартакиада үш кезеңнен тұрды, бірінші кезекте аудандық, қалалық және облыстық емдеу-сауықтыру мекемелерінің 23-командалары волейболдан күш сынасты.

       Екінші кезеңде  18-командалар футболдан сынаққа түсіп жарысты.

       Ал, үшінші кезеңде 17-командадан тұратын медицина қызметкерлері жеңіл атлетика бойынша ерлер мен әйелдер арасында эстафеталық жүгіру сайысында жарысқа түсті.

       APEC PetroTechnic колледжінің спорт залында өткен спорт мерекесі мамыр айының  25- жұлдызында бастау алып маусым айының  8-жұлдызында өз мәресіне жетті. Жабылу салтанатында жеңімпаздар анықталып, барлықтарына ақшалай және бағалы сыйлықтармен дипломдар табысталды.

            Командалық жарыстың қорытындысы бойынша 1-жүлделі орынды облыстық балалар ауруханасы, 2 -жүлделі  орынды облыстық аурухана, 3 -жүлделі орынды №5 қалалық емханалар командалары жеңіп алды.

             Жалпы жүлде қоры 650 000 теңгені құрады.

 


140 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК