Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Филиал марапаттары

21 июня 2019

        «Sеnim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы РҚБ Атырау облыстық филиалы «16-маусым медицина қызметкерлері күніне» орай бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары және еңбекте және қоғамдық жұмыстарда жетістікке жеткен озат медицина қызметкерлерінің қатысуымен Атырау облыстық кәсіподақтар бірлестігінде  мерекелік шара өткізді.

          Мерекелік шараны Атырау медициналық колледж студенттері тамаша ән-шашумен ашты.

      Шара барысында Денсаулық сақтау саласына еңбек сіңірген және қызметкерлердің қоғамдық жұмыстарға белсене араласуына белсене атсалысқан,сонымен бірге медицина қызметкерлерінің әлеуметтік қолдау көрсетуде үлес қосып жүрген бір топ қызметкерлер мереке қарсаңында беірнеше марапаттарға ие болды.

        «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің « Құрмет грамотасымен »

 №7 қалалық емхананың травматолог-дәрігері Ғ.Сұпығалиев, облыстық перинаталдық орталығының акушері С.Бердіғалиева,Махамбет аудандық орталық аурухананың жалпы тәжірибелі дәрігері  С.Ғабдуллина, Индер аудандық орталық аурухананың акушері Б.Балахметова, Исатай аудандық орталық аурухананың тазалықшысы А.Ержанова ие болса, облыстық денсаулық басқармасы мен  «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы Республикалық Қоғамдық Бірлестігі Атырау облыстық филиалының  «Алғыс хатымен» барлығы -55 медицина қызметкерлері мараптталды. Бұлардың ішінде, Атырау облыстық онкология диспансерінің химиотерапия бөлімшесінің      мейірбикесі  Ж.Шынтасова, шаруашылық меңгерушісі- Ж.Ульжабаева, Атырау облыстық көз ауруханасының мейірбикесі Б.Есқалиева, Жылыой аудандық орталық ауруханасы дәрігерілері А.Юсупов, Б.Майлыбаева,Құрманғазы аудандық орталық ауруханасы мейірбикесі А.Сатбергенова яғни дәрігерден бастап кіші медицина қызметкерлері бар екені қуантарлық жағдай. Облыс халқының денсаулығын сақтау мен жақсартудағы жасаған еңбектерінің жемісі деп білеміз.

      Мерекелік шара медицина қызметкерлерінің қатысуымен дайындалған концерттік бағдарламаға ұласты.

      Марапатталушы қызметкерлер тамаша көңіл-күймен тарқасты.

 


10 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК