Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Төраға өкілеттілігі ұзартылды.

26 февраля 2020

Бүгін Атырау облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы академиялық драма театры бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Мұхамажитов соңғы жылдары атқарған қызметін қорытындылап,ұжым алдында есеп берді. Атап айтқанда, қызметкерлерді сауықтыру, олардың балаларына арналып ұйымдастырылған демалыс-ойындары, мәдени іс-шараларға тоқталды.Бұл басқосуға Қазақстандық салалық мәдениет,спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы Атырау облыстық филиалының төрайымы Г.Шайхашева қатысты. Сөз кезегінде салалық кәсіподақ құрамына жаңадан енген ұжым мүшелерін ол, "Кәсіподақтар туралы заңның", Жарғысымен таныстырып, Еңбек Кодексінің кейбір баптарына тоқталды. Сонымен қатар Жұмысберуші мен Жұмыскер арасында жасалатын Ұжымдық шарттың маңызы мен мазмұнын, атқаратын ролін атап көрсетті. Еңбекті қорғау, еңбек қауіпсіздігі, өндірістік кеңесті құрудың маңыздылығын айтты. Бастауыш кәсіподақ ұйымының Ережесімен таныстырып, жарнаны дұрыс жұмсауды, ұйым мүшелерінің атқаратын функцияларын атады. Кездесу барысында ұжым тарапынан қойылған еңбек ақының төмендігі, пәтер алудың қиындығы, өнер иелерінің марапатталуы сияқты сұрақтары мен пікірлерін тыңдап, сала төрайымы тұшымды жауап берді. Ұжымның бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Мұхамажитовке сенім артылып, өкілеттілігі ұзартылып, мүшелері және тексеру -бақылау комиссия мүшелері сайланды.

 


62 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК