Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

ДЕПУТАТ САЙЛАУШЫЛАРЫНА БАРДЫ

28 февраля 2020

Қашанда ел сеніміне ие болған депутаттардың сайлаушылары арасында жиірек болып тұруын қалайтындар көп. Әсіресе аға буын ағаларымыздың айтар тілегі мен ұсыныстары жетерлік. Жуырда Индер ауданындағы № 21 сайлау округінен сайланған облыстық мәслихаттың депутаты, «Атырау облыстық кәсіподақтары» аумақтық бірлестігінің төрағасы Ізтұрған Ұзақбайұлы Баймұханов бірнеше ауылдық округ тұрғындарымен кездесу өткізді. Көктоғай ауылдық округінде болған жүздесуді ауыл әкімі М.Ж. Құсайынов кіріспе сөз сөйлеп ашып, алдағы жылға межелеп отырған жұмыстардың ауқымымен таныстырды. Өз кезегінде сөз алған село тұрғындары М.Мұқанов, Қ.Сүлейменов, Қ.Зайдененов, мектеп директоры А.Е. Үмбеш, селолық дәрігер Т.Н. Мекеева және т.б. сөз сөйлеп, өз ұсыныс-тілектерін жеткізді. Атап айтқанда, Б.Нысанбаев атындағы орта мектепке 120 орындық қосымша жапсарай салу, ауылішілік көлік жолдары мен жүргіншілер жолын күрделі жөндеуден өткізу мәселелерін шешуге ықпал жасауды сұрады. Сондай-ақ, ардагер М.Мұқанов Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесі қарсаңында жеңіл атлетикадан облыс көлемінде  жарыс өткізуге бастама көтерді. Аудандық мәслихаттың депутаты Қ.Дайдекенов шаруа қожалықтарына жер беру тәртібін ретке келтіріп, жекенің малдары тасжолдан өткенде кедергі келтіргендері үшін айыппұлды мал иелері төлеуге тиісті дегенге қарсылық білдірді.

Халық қалаулысының келесі сапары Өрлік ауылдық округінде жалғасты. Бұл жерде де кездесуді округ әкімі С.Ғ. Сисатов кіріспе сөз сөйлеп ашты. Ауылдағы шаруа қожалығының жетекшісі Х.Жардемов мал-егін шаруашылығын дамытуға жергілікті жерде өз мәнінде көңіл бөлінбей отырғанына қынжылыс білдірді. «Облыс әкімінің орынбасары Ә.И. Наутиев жолдастың көмегіне зәруміз деп қорытындылады» өз сөзін. Ауыл тұрғындары ауылішілік көлік жолдары мен жаяу жүргіншілер жолын жөндеуді, «Болашақ» бөбекжайын күрделі жөндеуден өткізу керектігін баса көрсетті. Сондай-ақ, осы жиында село тұрғындарына Насыр молда көшесінің сыртындағы зиратты және қоқыс полигонын қоршау, ауылға кіреберіс жолдың бойын жарықтандыру және денешынықтыру-сауықтыру спорт кешенін салу туралы жүзеге асырылып жатқан жұмыстардан ақпарат берілді.

Облыстық мәслихаттың депутаты І.Ұ. Баймұханов Аққала ауылында болып, жеке тұрғындармен әңгімелесті. Талай рет жыр болып келе жатқан «психикалық ауруға» шалдыққан Жалғас Дәулетқалиевты арнаулы емдеу мекемесіне орналастыру мәселесі көтерілді.

Индер ауданы орталығындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте өткен кездесуге ауданның барша білім беру мекемелерінің басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, барлығы 350 адам қатысты. Бұл жиын ауданға іссапармен келген Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының төрайымы А.М. Мұқашеваның аудан педагогтарымен кезедесуімен жалғасын тапты. Ал аудан әкімдігінде болған кездесуде әкім М.Ж. Қалауи ауданның әлеуметтік-мәдени дамуынан қысқаша деректер келтірді. Ауданның білім беру мекеме басшылары депутат І.Ұ. Баймұхановқа медициналық тексеруден өтетін мектеп зертханашылары, техникалық қызметкерлері және т.б. тегін ұйымдастыру жолдарын қарастыруды сұрады. Сондай-ақ, «Педагог мәртебесі туралы» заңға сәйкес білім беру мекемелері қызметкерлері балаларын балабақшаға кезексіз орналастыру жолын жүзеге асыру керектігін ескертті. Бұған жауап ретінде аудан әкімінің орынбасары Д.Д. Шамұратов бұл мәселе жуық арада оң нәтижемен шешілетіндігіне уәде берді.

 

 


68 просмотров
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК