Наш контактный телефон
+7 (7122)
35-55-24
Обратная связь
Поиск по сайту

Абай әлеміне саяхат

27 февраля 2020

Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік тұлға, данышпан ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына 27 ақпан күні қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен өткен тағлымды шараға көптеген ақын-жазушылармен бірге салалық кәсіподақ төрайымы да шақырылды. Кеш барысында ақынның мәңгілік бай мұрасы- өлеңдері, қара сөздері,әндері орындалды. Бала Абайдың балғын өмірінен, орыс ақыны Е.Онегиннің "Татьянаға жазған хатынын" аудармасынан үзінді оқылып, кітапханашылардың шебер орындауындағы театрландырылған көріністер көрсетілді.Жазушы Қ.Түменбай, ақын Қ.Жылқышиев, филология ғылымының докторы Қ.Жүсіп т.б. кеш қонақтары сөз алып, бұл шараның жас оқырмандар үшін беретін тәрбиесі, мақсаты мен мазмұнына мән бере сөйледі. Сөз кезегінде салалық кәсіподақ төрайымы,бұрыңғы кітапхана саласының маманы ретінде ұлы ақынның өлең шумақтарының адамзатты бірлікке, достыққа, білімділікке, парасаттылыққа, жаман қылықтардан бойларын аулақ ұстап, адал еңбек етуге шақыратын тұстарын атап өтті. Сонымен қатар бүгінгі кәсіподақ саласында қызмет жасай отырып, мәдениет мекемелерімен қоян-қолтық жасап жатқан еңбек қатынастары туралы ортақ жұмыстарын да тілге тиек етті. Күрделі жөндеден кейін ашылған кітапхана ұжымына оқырмандардың көбейе беруіне тілектес екенін айта келіп, басшысына сый-сияпатын табыстады.

 


61 просмотр
Вернуться на уровень выше
Санатории и гостиницы ФПРК