Біздің байланыс телефонымыз
+7(7122)
35-55-24
Кері байланыс
Сайт бойынша іздеу

Жұмысшыларымен кездесу

9 ақпан 2016

2016 жылдың 8 ақпан күні «Атырау облысы кәсіподақтар орталығы»  аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Д.Сұлтанов, төраға орынбасары С.Елеманов, «Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің Атырау облысының филиалы төрайымы С.Рахимова «Жігермұнайсервис» компаниясының жұмысшыларымен кездесу өткізді. Кездесудегі мақсат – Елбасы жолдауындағы еңбек қоғамын қалыптастырудағы негізгі бағыттар мен жаңа Еңбек Кодексіндегі артықшылықтар мен өзгерістерді түсіндіру. Сонымен қатар ұжымдық шарттардың жасалуы және оған  енгізілетін тармақтардың маңыздылығы айтылды. Аталған кездесуге қалалық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Г.Мендакулова, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының әлеуметтік жағынан қорғалатын топтармен жұмыс секторының меңгерушісі А.Жеңісова қатысып, баяндама жасады.

 


136 рет оқылды
Ілгері
ҚРКФ-ның шипажайлары мен қонақ үйлері