Біздің байланыс телефонымыз
+7(7122)
35-55-24
Кері байланыс
Сайт бойынша іздеу

Бүгін 10 маусым – Кәсіподақтар күні.

10 маусым 2016

Бүгін 10 маусым – Кәсіподақтар күні. Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс жағдайын жақсарту, өмір сүру деңгейін көтеру мен әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз етуде кәсіподақтар елеулі рөл атқарады.

«Атырау облысы кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде кәсіби мерекеге орай концерттік шара өз деңгейінде болып өтті.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Ә.И.Нәутиев, Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ә.Б.Қыстаубаева, Атырау облыстық мәслихатының хатшысы Л.С.Лұқпанов, Облыстық кәсіпкерлер палатасының директор орынбасары Қ.Қожантаев,  сонымен қатар, салалқы кәсіподақ басшылары мен бастауыш кәсіподақ белсенділері қатысты.

Атырау облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Д.Сұлтанов салтанатты шараға қатысушыларды, кәсіподақ мүшелерін төл мерекелерімен құттықтап, кәсіподақтардың құрылу тарихына, атқарылған істерге тоқталып өтті. Кәсіподақ белсенділері облыс әкімі мен маслихатының алғыс хаттарымен марапатталды. Салалық кәсіподақ басшылары бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенді мүшелеріне төсбелгімен, алғыс хаттар табыс етті. Марапаттау рәсімімен қоса, концерттік шарада Жайдарман ойындарын қойған колледж студенттері көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония өнерпаздары әуезді әнмен өрнектеді.

 


182 рет оқылды
Ілгері
ҚРКФ-ның шипажайлары мен қонақ үйлері