Біздің байланыс телефонымыз
+7(7122)
35-55-24
Кері байланыс
Сайт бойынша іздеу

Үлестес компания «Арктик Экиупмент Казахстан» ЖШС-де бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды

10 ақпан 2016
 2016 жылдың 9 ақпан күні Жылыой ауданы,  Құлсары қаласына қарасты Тенгиз елді мекенінде «Арктик Групп Интернешнл» ЖШС-нің жұмысберушілері және жұмысшыларымен Атырау облысы кәсіподақтар орталғының өкілдері арасында кездесу болып өтті.
Кездесу барысында компания жұмыскерлеріне ҚР жаңа Еңбек Кодексіндегі өзгерістерді түсіндіріліп, еңбек ұжымында  ұжымдық келісімшарттарды жасақтаудың маңыздылығы айтылды. 
Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстары нәтижесінде компания жұмыскерлері  кәсіподаққа кіруге ниет білдірді, оған қоса аталған компанияның бастауыш кәсіподақ ұйымдарының саны артты. 
Аталаған серіктестікке үлестес компания «Арктик Экиупмент Казахстан» ЖШС-де бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды.
Автор: Рахимова С.А.

 

 


223 рет оқылды
Ілгері
ҚРКФ-ның шипажайлары мен қонақ үйлері