Біздің байланыс телефонымыз
+7(7122)
35-55-24
Кері байланыс
Сайт бойынша іздеу

Кеңес отырысы болып өтті

11 тамыз 2016
Атырау облысының әкімдігі, «Атырау обылсы кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, жұмыс берушілердің облыстық бірлестіктері арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған облыстық келісімінң 6 тарауын іске асыру мақсатында әлеуметтік әріптестікті жетілдіруде оңтайлы тәжірибемен бөлісу және әлеуметтік әріптестердің өзара іс-қимыл тетіктері, сондай-ақ, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу жолдарының тәртібі жөніндегі консультациялар өткізу бағдарламасы негізінде Атырау облысы кәсіподақтар Орталығының төрағасы Сұлтанов Диас Бауыржанұлы, төраға орынбасары Елеманов Саламат Қабдоллаұлы Индер аудандық үшжақты комиссия мүшелері, ауданның кәсіподақ белсенділері, мекеме басшылары мен жұмысберушілер өкілдері қатысқан кеңес отырысын өткізді. Аудандық әкімдіктің ғимаратында өткізілген кездесуде Индер ауданы әкімінің міндетін атқарушы Әлифолла Балахметов сөз бастап, қонақтармен таныстырып өтті. Д.Сұлтанов  баяндама барысында әлеуметтік әріптестіктің маңызына, одан әрі дамыту жолдарына тоқталып өтті. Еңбек кодексіндегі енгізілген өзгерістерді тілге тиек еткен С.Елемановқа қатысушылар арасынан сұрақтар жолданды.
 
 

90 рет оқылды
Ілгері
ҚРКФ-ның шипажайлары мен қонақ үйлері