Біздің байланыс телефонымыз
+7(7122)
35-55-24
Кері байланыс
Сайт бойынша іздеу

Атырауда экс-әкім Рысқалиевтің сыбайласы 15 жылға сотталды

10 ақпан 2016

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта «Строй Контакт Групп» ЖШС-нің бұрынғы директоры Олег Павличенкоға қатысты үкім шықты. Ол 15 жыл қатаң тәртіптегі түрмеде жазасын өтемек.  

«Сотта «Строй Контакт Групп» ЖШС басшысы болған кезінде О.Павличенко  Атырау облысы Қызылқоға және Құрманғазы аудандарындағы елді-мекендерге газ тартуға арналған бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды. Мемлекетке 14 млрд 994 млн теңге көлемінде залал келтірілді. Ақша бағалары көтеріңкі жалған жобалық сметалық құжатты дайындау арқылы ұрланды. Сонымен қатар,  жалған фирмалармен шарттар жасалды, қызмет көрсету құны жоғары болған. Сот үкімімен О.Павличенко ҚР ҚК  235-бабы 3 бөлімі,  176-бабы 4 бөлімі бойынша айыпты деп танылды.  Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қатаң тәртіптегі түрмеде өтейді. Мүлкі тәркіленді», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен.

Бұрын хабарланғандай, кәсіпкер  О.Павличенко облыстың экс-әкімі Бергей Рысқалиевпен байланыста болған, оған халықаралық іздеу жарияланды. 

Дереккөз: http://www.inform.kz/kaz/article/2869489


106 рет оқылды
Ілгері
ҚРКФ-ның шипажайлары мен қонақ үйлері