Біздің байланыс телефонымыз
+7(7122)
35-55-24
Кері байланыс
Сайт бойынша іздеу

Мұнай бағасы 5% қымбаттады

12 ақпан 2016

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күнгі саудада мұнайдың әлемдік бағасы 5% өсті. БАӘ энергетика министрі Сохеиль бен Мухаммед әл-Мазруи ОПЕК мұнай өндіру көлемін қысқартуға дайын екенін хабарлаған, деп жазады ресейлік РИА Новости.

Сағат 11-лерде сәуір фьючерстерінің  Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы  5,74 пайызға -  31,80 долларға дейін өсті. Наурыз фьючерстерінің WTI маркілі мұнай барреліне деген бағасы  5,63% - 27,69 долларға дейін өсті.

БАӘ  энергетика министрі Сохеиль бен Мухаммед әл-Мазруи ОПЕК мұнай өндіру көлемін қысқартуға дайын екенін  және мұны өзге экспорттаушылармен талқылайтынын мәлім етті. Сондай-ақ, ол мұнай бағасының құлдырауы кей өндірушілердің нарықтағы теңдікті қалпына келтіру үшін қысқартуларға мәжбүрлегенін айтты.

Бұл мәлімдеме мұнай нарығын жақсартты, алайда алайда одан әрі өсуіне сенбейтіндігін айтып отыр. Олардың ойынша, қазір мұнай өндіруді азайту үшін өзара келісімге келу мүмкіндігі төмен және нарықтағы мұнай қоры өте көп. 

Дереккөз: inform.kz


111 рет оқылды
Ілгері
ҚРКФ-ның шипажайлары мен қонақ үйлері