Біздің байланыс телефонымыз
+7(7122)
35-55-24
Кері байланыс
Сайт бойынша іздеу

Кәсіподақ жастары акцияға атсалысты

2 ақпан 2016

«Донор болу – азаматтық парыз» болса, дертке шалдыққан науқас жандарға көмек қолын созып, мұндай маңызды қадамға бару – адам өміріне араша түсетін игі іс. Жақсылық жаршысы болып жүретін аға буынды үлгі ететін жастар қайырымды іспен айналысуға насихатшы болуда. 
«Атырау облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің ЖАСТАР КЕҢЕСІ өңіріміздегі белсенді жастардан құралған «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорымен бірлесіп «Менің батырым – Донор» атты жалпықалалық қан тапсыру акциясын өткізді. 28-29 қаңтар күні облыстық «Қан орталығында» ұйымдастырылған шараға  200-ден астам қала тұрғындары, ел ағалары мен әр саладағы қызметкер жастар қан тапсыруға ниет білдіріп, олардың ішінен  120 адам медициналық тексеруден сәтті өтіп, барлығы 54 000 мл литр қан жинақталды. Қайырымдылық мақсаттағы акция жылына үш рет қала көлемінде ұйымдастырылып тұратын болады. 
 
 

641 рет оқылды
Ілгері
ҚРКФ-ның шипажайлары мен қонақ үйлері