Біздің байланыс телефонымыз
+7(7122)
35-55-24
Кері байланыс
Сайт бойынша іздеу

Ұлттық Банк басшысы теңгеге қол қоймайды - Жарлық

4 ақпан 2016

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның ұлттық валютасы - теңгеде енді Ұлттық банк төрағасының қолы болмайды. Мемлекет басшысы осы жөнінде тиісті өзгеріс енгізді. Ресми құжат Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтында жарияланды.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес қаулы етемін: «Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 38, 384-құжат; 2008 ж., № 31, 309-құжат; 2014 ж., № 3, 16-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

 жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасында:

 13-1-тармақ алып тасталсын», делінген жарлық мәтінінде.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы  «Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығына өзгеріс енгізген болатын. 

2016 жылдың 28 қаңтарындағы Қазақстан Президентінің  Жарлығы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Дереккөз: http://www.inform.kz/kaz/article/2867428


490 рет оқылды
Ілгері
ҚРКФ-ның шипажайлары мен қонақ үйлері