Біздің байланыс телефонымыз
+7(7122)
35-55-24
Кері байланыс
Сайт бойынша іздеу

Электронды саудада баға тек теңгемен белгіленеді

3 ақпан 2016

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде электронды сауда жасау ережелерінің өзгеруі түрлі салалардың нарығына жағымды әсер етеді. Отандық сарапшылар осындай пікір білдіреді, деп хабарлайды 24.kz.

Еске сала кетейік, 2 ақпаннан бастап ғаламторда тауарлар мен көрсетілген қызметтер бағасы енді тек ұлттық валютамен көрсетілуі тиіс. Қазіргі таңда экономиканы долларсыздандыру мәселесі көптеген мемлекеттің қаржы саласының күн тәртібінде тұр. Бұл түйткілден Қазақстан да шет қалған жоқ. Бір жыл бұрын Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент ел ішінде қаржылай операцияларды тек теңгемен жүргізуді тапсырған болатын. Осыған орай Ұлттық экономика министрлігі электронды сауданы ұлттық валютамен ғана жүзеге асыру туралы бұйрық шығарды. Бұл шешім негізінен тұрғын үй мен көлік нарығына қатысты болып тұр. Өйткені дәл осы салаларда адамдар шетел валютасымен есеп айырысуға үйренген. Қазақстанның риэлторлар қауымдастығының президенті Елена Гриваның айтуынша, бұл жаңашылдық ел арасында ешқандай алаңдаушылық туғызған жоқ. 
- Енді біздің нарықта тұрақтылық орнайды. Біз үшін бұл - көптен күткен өзгеріс. Сатушылар да, сатып алушылар да доллар бағамының ауытқуларына қарамайтын болды. Көрші Ресей елінде бұл тәжірибе сәтті жүзеге асырылып жатыр. Соңғы екі күн ішінде маған осы мәселе бойынша бірде-бір адам хабарласып, наразылық білдірген жоқ. Меніңше, халық теңгемен есеп айырысуға дайын болды. Көлік сату туралы жарнамаларды жариялайтын сайттардың басым бөлігі де тауар құнын доллармен немесе рубльмен көрсететін. Бұйрық шыққан бетте бұл порталдарда темір тұлпарлардың баға көрсеткіштері өзгерді. Тұтынушыларға ыңғайлы болуы үшін шетелдік валютамен белгіленген баға автоматты түрде теңгеге ауыстырылады. Автокөлік нарығын тұрақтандыру үшін бұл таптырмас шешім, - дейді Қазақстан риэлторлары қауымдастығының президенті Елена Грива. 
Қазақстандық автобизнес қауымдастығының президенті Андрей Лавреньтевтің пікірінше, халықтың есеп айырысу менталитетін өзгерту қажет. «Біріншіден, енді көлікті сатып алу кезінде адамдарда алаңдаушылық болмайды. Көлік сататын салондар үшін де бұл жақсы жаңашылдық болды. Екіншіден, халықтың ұлттық ақшамызға деген құрметі артады. Ұлттық валютаның беделін одан әрі арттыру үшін отандық өнімді пайдалануымыз керек. Тек импорт көлемін төмендету арқылы ғана долларға деген сұранысты азайтуға болады»-дейді ол.

Дереккөз: http://www.inform.kz/kaz/article/2867090


483 рет оқылды
Ілгері
ҚРКФ-ның шипажайлары мен қонақ үйлері