Біздің байланыс телефонымыз
+7(7122)
35-55-24
Кері байланыс
Сайт бойынша іздеу

Жаңа кәсіподақ ұйымы құрылды

2 ақпан 2016

Облысымыздағы мұнай саласындағы ірі компаниялардың бірі Атырау облысы, Жылыой ауданында орналасқан «Өмірзақ Сервис» компаниясында бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды.
Компанияның бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақтық қызмет көрсетуге «Мұнай-газ кешені, сервистік және басқа компанияларының жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігіне мүше болып кірді. 
«Мұнай-газ кешені, сервистік және басқа компанияларының жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі «Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің мүшесі болып табылады.
«Әрбір компания жұмыс берушілердің әлеуметтік серіктесі -  кәсіподақтардың құрылуына мүдделі болуы тиіс, себебі, кәсіподақтар жұмысшыларға рухани күш береді, еңбек ұжымында оң әлеуметтік ахуал тудырады, ал бұл өз кезегінде  жоғары еңбек өнімділігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді» дейді көреген басшы, жауапты әлеуметтік серіктес «Өмірзақ-Сервис» ЖШС-нің бас директоры Өмірзақов Марат Сағынғалиұлы. 
автор: Рахимова Салтанат Асқарқызы
 

822 рет оқылды
Ілгері
ҚРКФ-ның шипажайлары мен қонақ үйлері