Біздің байланыс телефонымыз
+7(7122)
35-55-24
Кері байланыс
Сайт бойынша іздеу

Қазақстанда тегін медициналық көмек міндетті сақтандырусыз да көрсетіле береді

4 ақпан 2016

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кепілді тегін медициналық көмектің кейбір түрлері елімізде міндетте әлеуметтік медициналық сақтандырусыз қолжетімді болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. 

«Міндетті медициналық сақтандыру енгізілгеннен кейін де біз кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемін сақтаймыз, яғни бұл тұрғыда медициналық сақтандыруға қарамастан, тиісті қызметтер мемлекет тарапынан төленетін болады. Осы орайда бірінші кезекте жедел медициналық көмек, инфекциялық аурулардың имуннопрофилатикасы, сондай-ақ  туберкулез, психиатрия және басқа да әлеуметтік маңызды дерттер қамтылған. Атап айтқанда, мемлекет кез келген жағдайда өзінің азаматтарына кепілдік беріп,  міндетті түрде емдейтін ауралар қарастырылған»,-деді ол.

Е. Біртановтың айтуынша, қалған медициналық қызметтер қосымша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетін қалыптастырады.

«Күнделікті медициналық қызметтер, яғни алғашқы медициналық-санитарлық көмек, мамандардың кеңесі, диагностикалық қызметтер, стационарлық көмек, жоғары технологиялық қызметтер ескеріліп отыр. Сонымен қатар осыған сауықтыру, паллиативтік көмек, қосымша дәрілік қамтамасыз ету кіретін болады. Осы қызметтер енді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне кіреді»,-деді вице-министр.

Осы орайда ол кепілді тегін медициналық көмектің көлемін мемлекет төйлейтінін, ал медициналық сақтандыру аясындағы қызметтерді арнайы Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өтейтінін атап өтті. 

«Бұл қор биыл құрылып, 2017 жылдың 1 қаңтарынан іске қосылады. Оған жарналар түсетін болады. 2017 жылдың 1 шілдесінен қор медициналық қызметтердің төлемшісі рөліне кіріседі және осы қызметтерді төлейді. Осы орайда бұл қызметтер аталған пакет аясында азаматтарға көрсетіледі»,-деді ол. 

Автор: Руслан Ғаббасовhttp://www.inform.kz/kaz/article/2867283

 


533 рет оқылды
Ілгері
ҚРКФ-ның шипажайлары мен қонақ үйлері