Біздің байланыс телефонымыз
+7(7122)
35-55-24
Кері байланыс
Сайт бойынша іздеу

Айыппұл туралы жылдам әрі жеңіл білуге болады

7 ақпан 2016

АСТАНА. ҚазАқпарат - Төленбеген әкімшілік айыппұлдар туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің сайтындағы (http://service.pravstat.kz) «Ақпараттық сервис» бөлімінде «Айыппұлдар туралы мәліметтер» терезесінен жеңіл әрі жылдам білуге және оны төлеуге болады.

«Оларды жедел әрі ыңғайлы төлеу үшін қосымша жағдай тудыру мақсатында Бас прокуратура уәкілетті мемлекеттік органдардың ықпалдастырылған жүйесін, сонымен қатар «электрондық үкімет» төлем шлюзін және екінші деңгейдегі банктердің «е-айыппұлдарды» құру мәселесін белсенді пысықтауда.

Осы мақсаттарда Бас прокуратура Комитетінің орталықтандырылған әкімшілік қорына әрбір айыппұл бойынша төлем деректемелері енгізіледі, ол бойынша нақты айыппұлды тауып, оның төлену фактісін куәландыруға болады. Айыппұл Комитет жүйесіне енгізілісімен электрондық үкіметті пайдаланушының жеке кабинетіне және оның электрондық поштасына келіп түседі.  Бұл жерде, сондай-ақ айыппұлды электронды түрде төлеуге мүмкіндік бар»,-делінген Комитет хабарламасында.

Атап айтқанда, ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп Бас прокуратура Комитеті мен «электрондық үкімет» порталы арасында айыппұлдар туралы деректермен алмасу сервистері құрылды. Осының арқасында, кез-келген азамат қолында түбіртегі болмаса да банктен нақты құқық бұзушылық бойынша айыппұлды нақтылап, төлеуге мүмкіндік алады.

«Қазіргі уақытта мұндай мүмкіндікке Қазақстанның Эксимбанкі кассаларына жүгінген кезде ие бола аласыз. 2016 жылдың барысында екінші деңгейдегі банктердің «е-Айыппұлдар» жүйесіне қосылғандардың саны елеулі артатын болады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 893-бабы 2-бөлігіне сәйкес, айыппұл төлегеннен кейін жазбаша түрде судьяға немесе айыппұл салған органға (лауазымды тұлғаға) хабарлау, атап айтқанда төленгені туралы түбіртекті ұсыну қажет. Өйтпеген жағдайда, айыппұл орындалмаған ретінде саналатын болады»,-делінген ведомство мәліметінде. 

Автор: Руслан Ғаббасовhttp://www.inform.kz/kaz/article/2868215

 


577 рет оқылды
Ілгері
ҚРКФ-ның шипажайлары мен қонақ үйлері