Біздің байланыс телефонымыз
+7(7122)
35-55-24
Кері байланыс
Сайт бойынша іздеу

Мұнайдың әлемдік бағалары төмендеуде

1 ақпан 2016

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұнайдың әлемдік бағалары Қытайдың күтілмеген экономикалық көрсеткіштері жарияланған соң төмендеуін жалғастырып отыр, мұны сауда мәліметтерінен көруге болды. Бұл туралы ресейлік «РИА Новости» агенттігі хабарлады.

Түстен кейін Brent маркалы солтүстіктеңіздік мұнай қоспасының сәуірдегі фьючерстерінің бағасы 0,25 пайызға - бір баррель үшін 35,9 долларға дейін төмендеген.  WTI маркалы мұнайдың наурыздағы фьючерстерінің бағасы 1,29 пайызға - бір баррель үшін 33,19 долларға түскен.

«2016 жылы мұнай бағасының өсуіне қытай юанінің әлсіреуі, әлемдік экономикалық өсімге сенбеушілік, сондай-ақ мұнай мен отын қорының мол резерві кері әсер етіп отыр», - деп мәлімдеді BMI Research сарапшылары. Мамандар биылғы жылдың екінші жартысында бағаның біртіндеп жоғарылауын күтіп отыр. 

Дереккөз: http://www.inform.kz/kaz/article/2866219


510 рет оқылды
Ілгері
ҚРКФ-ның шипажайлары мен қонақ үйлері